1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда аудан тұрғындары кәріз суын арыққа ағызады - эколог13 қыркүйек 2020, 11:53

Алматыда кәріз суы арықты ластап жатқаны анықталды. Бұл туралы қаладағы Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Дінмұхамед Лесбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шапағат шағын ауданының тұрғындары және кейбір коммерциялық нысан кәріздің суын тікелей қаладағы арық жүйесіне ағызып отыр. Салдарынан бәрі Алатау ауданындағы Тереңқара өзеніне құйылады. Арық жүйесі қоқысқа толған. Жағымсыз иіс шығып тұр", - деді Дінмұхамед Лесбеков.

 Экология департаменті суды сынамаға алды. Нәтижесін кейін хабарлайды.

Эколог бұзушылық деректері бойынша Алматы полициясы мен аудандық әкімдікке хат жолданатынын айтты. 

Дінмұхамед Лесбеков мәселені департамент басшылығы қатаң бақылауға алғанын атап өтті. 

 Фото Алматы қаласының Экология департаменті

 Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!