2024 жылғы 20 маусымда Алматыда жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысып, үйге соғылды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын полиция анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 06:15 шамасында болған.
"Жандосов көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Яссауи көшесіне бұрылу кезінде көлікті басқара алмай, жол қиылысында тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысты, содан кейін үйге барып соғылды", – деп хабарлады полициядағылар.
Зардап шеккендер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!