07 тамыз 2020 09:48

Алматыда автобус жүргізушілеріне маска тақпағаны үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қоғамдық көліктерде бетперде тағу ережесін бұзғандар едәуір азайған. Соңғы 3 апта көлемінде мониторингтік топ мүшелері карантин ережесіне бағынбаған 14 адамды анықтап, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырған. Almaty.tv тілшісі тексерушілердің жұмысы жайлы айтты.


Қоғамдық көліктерде бетперде тағу ережесін бұзғандар едәуір азайған. Соңғы 3 апта көлемінде мониторингтік топ мүшелері карантин ережесіне бағынбаған 14 адамды анықтап, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырған. Almaty.tv тілшісі тексерушілердің жұмысы жайлы айтты.

Күнделікті рейдке шығатын мониторингтік топ бұл жолы автовокзал бекеті маңындағы аялдамаға тоқтаған қоғамдық көліктегілердің бетперде тағу режимін қаншалықты ұстанып жүргенін бақылады. Тексерушілер 1 сағаттың ішінде карантин тәртібін бұзған екі адамды анықтады. Оның бірі - автобус жүргізушісі.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама базаға салынады. Салынғаннан кейін 7 күннің ішінде үлгерсе, 41670 теңге төлейді. 8-тәулікке кетсе, 83 мың етіп төлейді", - деді Жетісу ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Назгүл Миракимова.

Жалпы соңғы 3 апта ішінде қоғамдық көліктердегі бетперде тағу режимін бұзған 14 адам анықталған. Олар қалалық бас санитар дәрігердің соңғы қаулысына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Күнделікті қадағалап отырамыз тобымызбен. Күнде де, түнде де рейдтер жүріп тұр. Бетперде тақпағандар азайды. Бұл рейдтер күшейтілген карантин аяқталғанға шейін созылады деп ойлаймын", - деді Назгүл Миракимова.  

Санэпидемиологтардың айтуынша, қазір сақтану жөнінен адамдардың жауапкершілігі артқан. Олар коронавирус індетінен қорғану талаптарын қазір қатаң сақтауға тырысады дейді мамандар.

Қаулыдағы жаңа тәртіпке сәйкес, қазір қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды автобусқа бетпердесіз кіргізбеуге міндеттеледі. Рейдтік шаралар күшейтілген карантин режимі аяқталғанға дейін созылмақ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети