08 тамыз 2022 15:44

Алматыда автобуста әйелді бұрынғы күйеуінен құтқарған жігіт марапатталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен Фото Алматы әкімдігі баспасөз қызметінен

Алматы әкімі автобуста әйелді бұрынғы күйеуінің шабуылынан құтқарған жігітті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімі автобуста әйелді бұрынғы күйеуінің шабуылынан құтқарған жігітті марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қала басшысы Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті. Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті", - делінген хабарламада.

23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Меде" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ-де жұмыс істейді.

"Толқыдым. Не дегенмен қала әкімімен кездесу. Маған бағалы сыйлық бергенде, таңғалдым, күтпеген едім. Маған макбук-про (Apple MacBook Pro ноутбугы – еск.) сыйлады", - деді Медетбек.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған болатын. Райымбек Медетбек пен куәгерлерің жедел әрекеттері арқасында күш көрсетушіні залалсыздандырып, әйелдің өмірін сақтап қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети