11 қараша 2022 08:39

Алматыда автобустар соқтығысқан жол апаты: қаза тапқан адам туралы тың мәлімет айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі автобус соқтығысуы салдарынан қаза тапқан ер адам туралы тың мәліметтер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда екі автобус соқтығысуы салдарынан қаза тапқан ер адам туралы тың мәліметтер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза болған адам №98 автобуста тағылымдамадан өткен болып шықты. Ол соқтығысқан кезде автобус терезесінен құлап кеткен деп болжанып отыр.

"Жол апаты кезінде №98 автобуста тағылымдамадан өтуші болған. Ол жұмысқа енді кірген. Тергеу мүддесіне байланысты ештеңені аша алмаймыз. Марқұм бізде тағылымдамадан өтуші болғаны туыстары іздеп, қоңырау шала бастағанда белгілі болды", - деді City-Bus ЖШС директоры Егор Жиглов.

Компания өкілі ол сол күні автопаркке келмегенін айтты. Автопарк мәліметінше, барлық ақпарат ішкі тергеуден кейін берілген.

"Біздің білуімізше, ол 8 қарашада 98-бағыттағы автобуспен "Көлік холдингіне" құжаттар алуға бара жатқан", - деді автопарк өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның жаяу жүргінші екені айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети