1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда балалар көпқабатты үйдің шатырында ойнаған: ата-анасы іздестіріліп жатыр 14 сәуір 2021, 12:13

Алматыда полиция көпқабатты тұрғын үй ғимаратының төбесінде ойнап жүрген үш баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алматыда полиция көпқабатты тұрғын үй ғимаратының төбесінде ойнап жүрген үш баланың ата-анасын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға куәгері редакциямыздың WhatsApp нөміріне олардың суреттерін жіберді. Айтуынша, оқиға 13 сәуірде сағат 18.23-те Торайғыров көшесі, 27-де болған.

"Балалар тұрғын үйдің төбесінде ойнап жүр, балкондарға да түседі, ата-аналары қайда қарап отыр, неге шатырдың есігі ашық?!, - деп шағымданды ол.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл дерек бойынша өтініштер түспегенін айтты. Алайда полиция қызметкерлері суреттерді зерттеп жатыр.

"Бұл үйге учаскелік полиция инспекторы мен ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді, олар тексеру жүргізеді, фотодағы балаларды, олардың төбеге қалай шыққанын анықтайды. ПИК өкілдерімен барлық шатырды зерттеп шығады, кейін ата-аналарын тауып, міндетті түрде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша жауапқа тартамыз. Балалар зардап шегуі мүмкін еді", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!