12 ақпан 2021 16:31

Алматыда балалар үйі тәрбиеленушілеріне бөлінген қаражатты жымқыру ісі жалғасын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Турар Казангапов Фото: ©Турар Казангапов

Алматыда Бағанашыл шағын ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша ұрлау дерегі бойынша тергеу жалғасты. Іс бойынша мекеменің лауазымды тұлғалары қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Бағанашыл шағын ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерінен ақша ұрлау дерегі бойынша тергеу жалғасты. Іс бойынша мекеменің лауазымды тұлғалары қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство қазіргі уақытта балалар үйінен ақша ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде балалар үйінің қызметкерлері ілінген. Олар Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің, 2-тармағында ("сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу, ысырап ету немесе ұрлау") бойынша күдікке ілінген. Істі Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр.

"Алматы облыстық №1 балалар үйінің" лауазымды тұлғаларына қатысты салғырттық дерегімен (Бағанашыл мөлтек ауданында - еск.авт.) Қылмыстық кодекстің 371-бабының, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады агенттік өкілдері.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат ("сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу") жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, былтыр тамызда Бағанашылдағы балалар үйінің қызметкерлері тәрбиеленушілер есепшотынан ақша ұрлады деп айыпталған еді. Мекеме Алматы облысына қарайды. Бірақ Бостандық ауданында орналасқан. Сондықтан қылмыстық іспен Алматының құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қылмыстың кейбір мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін банк карточкалары ашылған және қолдарына берілмеген. Алайда, омбудсменнің сөзінше, карталардан үнемі ақша алынып тұрған. Омбудсменнің мәліметтеріне сүйенсек, әр баладан алынған сома бір миллионнан жеті миллион теңгеге дейін. Ұрланған ақшаның жалпы сомасы кем дегенде 31 миллион теңге.

Кейін полицейлер қылмыстық іс бойынша күдіктілердің бірін ұстады. Ол балалар үйінің 30 жастағы әлеуметтік педагогі. Таразда жасырынған әйел Алматыға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети