15 маусым 2023 09:18

Алматыда барыс муралы қалай қалпына келтіріліп жатыр: суреттер

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда барыс бейнеленген мурал қайта қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда барыс бейнеленген мурал қайта қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде сызба жұмыстарының 70 пайыздан астамы аяқталған. Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты үйдің қабырғасына мурал салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын ұсынамыз.

14 маусымдағы жағдай бойынша, барыс бейнеленген қабырға суреті. Фото © Әлихан Сариев

Жақында алматылықтар Арбат маңындағы Жібек жолы көшесі бойындағы үйлердің бірінің қабырғасындағы барыс бейнеленген сурет жоғалып кеткенін байқады. Қабырғада барыстың орнына газдалған сусынның жарнамасы пайда болған.

Сурет: Facebook/Андрей Переверзев

Жанжалдан кейін газдалған сусын шығаратын компания өкілдері кешірім сұрап, қабырғадағы түпнұсқа суретті қалпына келтіруге уәде берді.

Осыған ұқсас бірнеше даудан кейін Алматы әкімі қаладағы кейбір қабырға суреттерін заңдастыру керек екенін атап өтті.

"Қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар және бір кездері әртүрлі себептермен пайда болғандары бар. Олар қаланы безендіру үшін жасалмаған. Біз аудандар бойынша муралдар тізімін жасаймыз және анықтаймыз. Муралдарды заңдастыру қажет. Қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғалары жандануы үшін суретшілермен жұмыс жасаймыз. Мен бұған қуана көмектесемін", - деді Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде.

Сурет: ©Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети