Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда бір тәулікте "дельта" штамын жұқтырған 36 адам анықталды 30 маусым 2021, 16:42

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны ұлыбританиялық штамм жұқтырғандар санынан асып кетті. Санитария дәрігерлері оң нәтиже
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавирустың үнді штамын жұқтырғандар саны ұлыбританиялық штамм жұқтырғандар санынан асып кетті. Санитария дәрігерлері оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен тәулікте Алматыда 46 сынамада мутацияға ұшыраған штамдар бар-жоғы зерттелді. Оның 36-сында "дельта" штамы анықталды. Осылайша, үнді штамының үлес салмағы 78,3 пайызды, сегіз үлгіде "альфа" (ұлыбританиялық) штамы 17,4 пайызды құрайды. Яғни, қоздырғыштар ауысып жатыр", - деп мәлімдеді Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 131 үлгі зерттеліп, олардың 77-сінен ұлыбританиялық штамм, ал 46-сынан үнді штамы табылғаны хабарланған болатын. Кейін олар қосымша зерттеуге жіберілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram