24 желтоқсан 2014 12:33

Алматыда бірнеше көшенің тұрғындары суық сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бүгін, 24 желтоқсанда Алматының бірқатар бөлігінің тұрғындары суық сусыз қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Алматы Су Холдингі" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпорынның мәліметінше, сағат 09.00-дан бастап, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін Қабанбай батыр көшесіндегі №109, 111 үйлердің тұрғындары уақытша суық сусыз отырады. "11.00-ден 14.00-ге дейін Венера, Шекспир, Терешкова, Постышев, Леонов, Феоктистов, Беляев, Быковский, Якир көшелеріндегі тұтынушылар, Жеңіс көшесіндегі №1, 3, 5, 5а, 7, 9 үйлердің тұрғындары және Эйх көшесіндегі №21, 21а, 23 үйлердің тұрғындары суық сусыз қалады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, жүйелердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша Зверев көшесінде суық су болмайды. Коммуналдық қызмет өкілдері ыңғайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрайды. Мекеменің диспетчер қызметінің байланыс телефоны: 274-66-66.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети