07 маусым 2021 | 15:42

Алматыда COVID-19-ға ұжымдық иммунитет 21 пайызға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алматыда ұжымдық иммунитет 21 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты. Бүгінгі таңда қалада 316 407 адам вакцина салдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ұжымдық иммунитет 21 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты. Бүгінгі таңда қалада 316 407 адам вакцина салдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен кезеңде 316 407 адам вакциналанды, бұл қала халқының 16 пайызы және ауырып жазылған адамдардың 5 пайызы, осылайшы 21 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптасты", - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері.

Бұл ретте вакцина салдырған адамдардың жалпы санынан 12 пайыздан астамы немесе 32 758 адам 60 жастан асқандар.

Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды. Ол күзге қарай ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинация науқанын қолдауды сұрады.

"Бұл өзіңе, жақындарыңа деген жауапкершілік. Әркімнің вакцинацияға қатысуы өте маңызды. Көптеген адам ауруға төзбейтінін, олардың денсаулығы бізге байланысты екенін ұмытпау керек", - деді Бекшин.

Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындары саябақтар мен базарларға тек бетпердемен кіруі керек деп мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай 1 маусымда "сары" аймаққа көшкеніне қарамастан тұрақсыз екенін айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети