29 сәуір 2020 10:16

Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға қатысты деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, кеше қалада 43 жаңа жағдай тіркелген.​ Олардың барлығы вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар екені анықталды.

Байланысқандардың ішінен ең үлкені – 1944 жылғы зейнеткер, ең жасы  – 2 жасар пациент.

"Біріншісі 30 наурызда Ыстамбұл – Куала-Лумпур – Алматы рейсімен ұшып келген 24 жастағы қыз. Ұшып келген соң стационарға карантинге орналастырылды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсеткен, 10 сәуірдегісі оң нәтиже көрсеткен. Емдеу 18 күн ішінде жеңіл түрде өтті.

Екіншісі 16 наурызда круиз лайнерімен келген 1953 жылы туған әйел. Келген соң карантинде болды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсетті, кезекті тесті 28 наурыз күні оң нәтиже көрсеткен. Пациенттің сырқаты ауыр түрде өтті. Диагнозы: Екі жақты полисегментарлы пневмониямен Covid-19 вирусы. Бүгінгі күні пациент өзін жақсы сезінеді. Соңғы рет жасалған рентгенінде пневмония табылмаған. Емдеу 31 күнге созылды.

Үшіншісі аурудың жеңіл жүруімен №11 Қалалық емхананың 38 жастағы медицина қызметкері. Емдеуде 17 күн болған", - дейді ведомство өкілдері.

Ал төртінші науқас 26 наурызда Мәскеуден ұшып келген екен. 1963 жылы туған әйел. Келген соң стационарға карантинге орналастырылды.

27 наурыздағы тесті оң нәтиже көрсеткен. Емделуде 32 күн болды, жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды, сол жақты төменгі үлестік бронх пневмониясы болған.

​Бесіншісі 1984 жылы туылған, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасынан ауыстырылған әйел. Алматы облысының тұрғыны. Сырқаты ауыр түрде өтті. Екіжақты полисегментарлы пневмониясы болған. Емі 32 күнге созылды.

​Алтыншысы бұл 11 сәуірде емдеуге келіп түскен, жүктіліктің 6 аптасындағы 33 жастағы әйел.

Жазылып шыққан пациенттер 14 күндік үй карантинінде болады дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3 063-ке жетті. Жазылып шыққандар саны - 774, қайтыс болғандар - 25.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети