05 мамыр 2021 09:15

Алматыда дендрарий көшкін қаупі бар беткейде салынбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дендрарий көшкін қаупі бар беткейде салынбақ. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта Жасыл экономика басқармасы айтты.


Алматыда дендрарий көшкін қаупі бар беткейде салынбақ. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта Жасыл экономика басқармасы айтты.

Ведомство мәліметінше, дендрарийді "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта шенеуніктер жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялады.

"Трамплинді абаттандыру және көгалдандыру бойынша байқау жарияланды. Жобаны іске асыру үшін тәжірибелі ландшафт дизайнерлерін тартамыз. Жобалау кезінде олар жергілікті өсімдіктерді отырғызу үшін рекреациялық аймақ құрудың тұжырымдамасын ескереді. Бұл еңісте көшкін жүру қаупі бар, сондықтан ЖСҚ әзірлеу кезінде сарапшылар еңісті сырғымадан нығайтуды қарастырады. Сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі", - делінген жауапта.

Сондай-ақ, трамплиндер мен ботаникалық бақты көпірмен қосып, жаңа форматтағы аумақ құру жоспарланып отыр. Бұл мәселемен қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы айналысады.

Бұған дейін "Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің жанындағы элиталық тұрғын үй кешенінің үстінде көшкін пайда болатыны хабарланған болатын. Жергілікті сәулетшінің айтуынша, Алматының тау бөктеріндегі төбелерде жылжымайтын мүлік салуға мүлдем болмайды, өйткені бұл төбелер жылжымалы.

Еске салайық, салынғалы тұрған мұндай футуристік арборетумдар Қытайда, Ұлыбританияда және Аустралияда бар.

Сондай-ақ, алматылық дендрарий 2022 жылға дейін әл-Фараби даңғылы арқылы Ботаникалық бақ пен жаңа жасыл көпірді қосады деп жоспарланып отыр. Алайда алматылықтардың бұл туралы пікірі бөлінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети