28 қыркүйек 2022 12:50

Алматыда Денис Тенді еске алатын орыннан гүлдер мен суреттер неге алып тасталғаны айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта Денис Тенді еске алатын орын жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2018 жылы Денис Тенді сол жерде өлтіріп кеткен болатын.


Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта Денис Тенді еске алатын орын жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2018 жылы Денис Тенді сол жерде өлтіріп кеткен болатын.

Бұл жер спортшының жанкүйерлері үшін көрнекті орынға айналған. Денисті жақсы көретін жанкүйерлері гүл шоқтарын, ойыншықтарын алып келіп қоятын.

Дәл осы саябақта спортшының суреті, түрлі сөздер жазылған плакаттар, жанкүйерлері мен достарының хабарламалары, қызыл ленталар мен гүлдер жаттығу алаңының жанындағы биік торлы қоршауда ілулі тұрған. Уақытша мемориалдың тұрғанына төрт жыл болған.

Жақында қоршаудың және спортшының суреті және барлық басқа атрибуттары жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Бірақ жаттығу алаңының өзі әлі орнында тұр.

Қазір ол жерде Денис Теннің қола ескерткіші мен мемориалдық тақта ғана тұр.

Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті алаңды абаттандыру жұмыстары кезінде плакаттар мен гүлдер алынып тасталғанын мәлімдеді.

"Жұмыс аяқталғаннан кейін олар қайтарылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети