Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді

20 Шілде 2018, 09:29
0
Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтеді -

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөліміне сілтеме жасап. 

Қоштасу рәсімі сағат 10.00-де басталады. 

Еске сала кетейік, Денис Тен кеше, 19 шілдеде қайтыс болды. Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер спортшы өмірімен бірнеше сағат арпалысты, бірақ амал не өмірін сақтап қала алмады. 

ҚР ІІД хабарлауынша, Денис Теннің өліміне қатысы бар деген екі күдікті анықталды. Олардың бірі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Екіншісіне қатысты іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай