20 ақпан 2015 17:07

Алматыда екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекқали Торғаев. Фото auezov.almaty.kz сайтынан Бекқали Торғаев. Фото auezov.almaty.kz сайтынан

Алматының Бостандық және Әуезов аудандарының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының Бостандық және Әуезов аудандарының әкімі ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданының әкімі болып бұрын Әуезов ауданын басқарған Бекқали Торғаев тағайындалды. Ал бұрын Бостандық ауданын басқарған Раушан Асанова қала әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болды. Әуезов ауданының жаңа әкімі болып бұған дейін табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған Алтай Рахымбетов тағайындалып отыр.

"Жаңа әкімдерді қала активіне таныстыра отырып қала басшысы Ахметжан Есімов Президенттің "Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол" Жолдауында айтылған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті", - деп хабарлады баспасөз қызметі.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети