22 мамыр 2014 10:51

Алматыда екі жас жігіт жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

21 мамыр күні кешке Алматы қаласында  екі жас жігіт жол апатына ұшырады. Volkswagen CC автокөлігінде жүргізушінің қасында тағы бір жолаушы болған, екеуі де жап-жас жігіттер. Неміс көлігі Әл-Фараби (Мұстафин мен Асқаров көшелерінің арасы) даңғылымен бір бағытта жүріп келе жатқан қоқыс таситын Камаз көлігіне соғылған, деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория проишествий" хабарының тілшісі.

Жол апаты кезінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал оның қасындағы жолаушы өте ауыр жарақаттар алып №7 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұл жолаушыны қирап қалған көліктен шығарып алу үшін құтқарушылар шақырылды. 

Оқиға орнына біршама адамдар, көлікте болған жігіттердің туыстары, таныстары жиналып қалған. Tengrinews.kz тілшісіне полиция қызметкерлері хабарлағандай, Volkswagen CC көлігі Әл-Фараби даңғылының бойында жүріп бара жатқан көліктердің бәрінен басып озып келе жатқан. Кезекті көлікті басып озбақшы болған кезде неміс иномаркасы жолдың сол қатарында тұрған Камазға соғылған. Бұл көліктің белгі беретін жарықтары жанып тұрмаған көрінеді. Қазіргі таңда жеңіл автокөліктің қандай жылдамдықта жүргені және апатқа қатысты басқа да жағдайлар тексерілуде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети