Алматыда екі оқушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі оқушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін Фото:depositphotos.com

Алматы полициясы жастарды есірткі бизнесіне тартудың жаңа тәсілдері туралы айтты. Жасөспірімдер көбіне қай аудандарда арбауға түседі және балаңыздың есірткі таратушы болғанын қалай білуге болады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында.


Алматы полициясы жастарды есірткі бизнесіне тартудың жаңа тәсілдері туралы айтты. Жасөспірімдер көбіне қай аудандарда арбауға түседі және балаңыздың есірткі таратушы болғанын қалай білуге болады? Толығырақ Tengrinews.kz материалында.

Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сұлушаш Досболованың айтуынша, қалада есірткіні "қолдан қолға" сату ісі жойылған.

Досболованың сөзінше, бұл әдісті толығымен жасөспірімдерге бағытталған "тарату" тәсілі мен жасырын интернет-маркетинг ығыстырған.

Алматыда кәмелетке толмаған қанша есірткі таратушы ұсталды?

Қалалық полиция жастардың есірткі бизнесіне тартылуы айтарлықтай өскенін атап өтті. Жыл басынан бері Алматыда Қылмыстық кодекстің 297-бабы ("Есірткі заттарын өткізу") бойынша 158 дерек тіркелсе, былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 132 болған.

2026 жылы есірткі жасырғаны үшін алты жасөспірім ұсталды (бір жыл бұрын төртеу болған).

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өкілінің мәліметінше, ұсталғандар арасында жергілікті колледждің екі студенті бар.

"Ұсталған кәмелетке толмаған алты баланың тек үшеуі Алматыда оқыған. Қалғандары Алматы облысынан келген екі мектеп оқушысы мен бір колледж студенті. Олар мегаполистен тыс жерде білім алғанымен, қылмыс жасау үшін арнайы осы қала аумағына келіп жүрген", – деді Досболова.

Спикер алты қылмыстық іс те қазір өндірісте екенін айтты. Жасөспірімдер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған есірткі таратушылардың ең кішісі небәрі 16 жаста, ол 10-сынып оқушысы.

Фото: ӨКҚ

Instagram-да есірткі таратушыларды арбау

Досболованың айтуынша, есірткі дүкендерін ұйымдастырушылар үйреншікті Telegram-боттар мен қабырғадағы QR-кодтардан бөлек, жастарды есірткі бизнесіне тарту үшін Instagram-дағы таргет жарнамасын пайдалана бастаған.

"Instagram-да нақты мақсатты аудиторияға арналған таргетинг жарнамасы іске қосылады. Ол ересек тұрғындарға немесе мемлекеттік қызметшілерге шықпайды. Ол дәл мақсатты аудиторияға, яғни кәмелетке толмағандарға немесе 20-25 жасқа дейінгі, мәселен, оңай табыс іздеген жастарға көрінеді", – деді Досболова ӨКҚ брифингінде.

Полиция Meta корпорациясымен тікелей жұмыс істемейді, бірақ желіге мониторинг жүргізеді.

Жыл басынан бері Қазақстанда "Кибербақылау" жүйесі арқылы 500-ге жуық есірткі сайты мен парақшасы бұғатталды.

Алматыдағы қауіпті аймақтар

Спикердің айтуынша, 299-бап – "Есірткіні насихаттау және жарнамалау" (көшелерге граффити жазуларын салу да осыған жатады) бойынша Алматыда 4 қылмыстық іс қозғалған.

Журналистердің тыйым салынған заттар көбіне қай жерде жарнамаланатыны туралы сұрағына жауап бере отырып, спикер қаланың бірнеше негізгі нүктесін атап өтті.

"Әдетте, бұл бейнебақылау камералары аз орнатылған тұрғын аудандар. Нақты айтатын болсақ, Әуезов, Түрксіб аудандары мен Бостандық ауданының кейбір аймақтары бізде ең проблемалы болып саналады", – деп нақтылады Сұлушаш Досболова.

Полиция бүгінде қазақстандық жастар арасында синтетикалық есірткілер мен психоактивті заттар кеңінен тарағанын атап өтті.

"Сонымен қатар, өкінішке қарай, гашиш пен марихуана да әлі нарықта бар. Бірақ синтетикалық есірткілер танымал. Олар өте қауіпті, себебі алғашқы қолданғаннан-ақ тәуелділік тудырады", – деп толықтырды спикер.

Балаңыздың есірткі таратушы екенін қалай білуге болады?

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі ата-аналар үшін баланың мінез-құлқындағы күрт өзгерістер: агрессия, мазасыздық, немқұрайлылық, қымбат заттардың пайда болуы және түнде жиі серуендеуі алғашқы дабыл белгісі болу керектігін айтты.

"Ата-аналарда сұрақ туындауы керек: бұл ақша қайдан келді? Мүмкін қандай да бір аксессуарлар немесе киімдер. Мұндай жұмыс түнде жүруді қажет етеді. Есірткі заттарын өткізумен немесе есірткі граффитилерін салумен күндіз сирек айналысады. Негізінен бұл түнгі уақытта болады. Сондықтан бала түнде жиі үйде болмаса, қайда және не үшін баратынын түсіндіре алмаса, бұл ата-ана үшін бірінші белгі", – деді Досболова.

Бүгін шетелдік азамат 114 апиын капсуласын жұтып, Қазақстанға алып өтпек болғаны белгілі болды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады. Сәуірден бері арнайы қызмет есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасын жойып, бір фитозертзана қызметін тоқтатқан.

Тағы оқыңыз: Шетелдік азамат 114 апиын капсуласын жұтып, Қазақстанға алып өтпек болған

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +24
Ақтау +20
Ақтөбе +27
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +22
П
Павлодар +26
Петропавл +17
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +26
Түркістан +28
О
Орал +11
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер