25 қаңтар 2022 15:10

Алматыда электр қуаты қашан толық қалпына келтіріледі?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Ардак Култаев Фото Tengrinews.kz/Ардак Култаев

Алматыда электр жарығы қашан толық қалпына келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда электр жарығы қашан толық қалпына келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 қаңтарда түстен кейін абоненттердің 70 пайызға жуығы электр жарығынан ажыратылған. Дегенмен, қазір олардың жартысына жуығы қайтадан электр қуатына қосылған. Мұндай апатқа жоғары вольтты желі жұмысындағы ақау себеп болғаны айтылды. 28 қосалқы станция токтан ажыратылған.

"Қазір электр қуатының 50 пайызға жуығы қалпына келтірілді. Қалғанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абоненттерді басқа желілерге ауыстыру үшін Алматы электр станцияларының желісі бойынша энергия қайта бөлінеді. Бүгінде сағат 15.00-ге дейін Алматыдағы барлық абоненттерді қосу жоспарланған", - деді Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин.

KEGOC АҚ мәліметінше, қазір электр желісінің схемасы толық қалпына келтірілген.

"Сағат 13.39-да Алматы электр орталығы тұтынушыларға қойылған шектеулерді толығымен алып тастады. Алматы электр орталығы арқылы ұлттық электр желісінің қалыпты схемасы толығымен қалпына келтірілді. Оңтүстік өңірлерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети