Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді Фото Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді. Бұл туралы "Алатау Жарық компаниясы" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда электр қуаты толық қалпына келтірілді. Бұл туралы "Алатау Жарық компаниясы" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алатау Жарық компаниясы" АҚ "Солтүстік-Оңтүстік" жоғары вольтты электр тарату желісінде болған апаттық жағдай салдарынан электр қуатынан ажыратылған Алматы қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды толық көлемде қалпына келтірді. Ағымдағы тәуліктің 13 сағат 53 минутында барлық ажыратылған абоненттерге электр энергиясы берілді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, апат кезінде мегаполистің барлық әкімшілік ауданы бойынша барлығы 92 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 88,5 мыңға жуығы – тұрғын үйлер мен пәтерлер электр қуатынан ажыратылған.

Бұған дейін Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөніп қалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети