03 сәуір 2022 12:49

Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінен адамдар қашып жатыр. Әкімдік шағымға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда Mountain Drive тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші учаскенің мердігеріне шағымданды, себебі олардың үйі нығайтылмаған қазаншұңқырдан сырғи бастады. Қала әкімдігі шағымға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Mountain Drive тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрші учаскенің мердігеріне шағымданды, себебі олардың үйі нығайтылмаған қазаншұңқырдан сырғи бастады. Қала әкімдігі шағымға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Mountain Drive тұрғын үй кешенінің жанында жер опырылғаны хабарланған болатын. Тұрғындар былтыр көрші учаскеде құрылысты тоқтатуды талап еткен. Олар топырақ көшпес үшін көктемге дейін шұңқырдың тіреу қабырғасын нығайту қажет екенін айтты. Компания бетонды нығайтқанын мәлімдегенмен, жаңбырдан соң үйлердің қабырғасы құлаған.

Тұрғындардың айтуынша, олардың аумағында жерде жарықтар пайда болған. Сол үшін адамдар өміріне қауіптеніп, тұрғын үй кешенінен кетіп жатыр. 

Тұрғындардың проблемаларына қоғам белсендісі Салтанат Ташимова да назар аударды. Ол әлеуметтік желілерде көрші учаскені салушыға шағымданған тұрғындардың мәмідемесін жариялады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Mountain Drive тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініштері бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы нысанға тексеру жүргізгенін, оның нәтижесінде жобаға сараптама кезінде тәртіпбұзушылықтарға жол берілгенін және жоба жер учаскесінің периметрі бойынша тіреу қабырғасын көздемегенін хабарлады. Басқарма нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты, қазіргі уақытта мердігер ұйымға "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қазаншұңқыр борты еңістерінің орнықтылығы мен тіреу қабырғасын орнату бойынша ұсыныстарын берді.

Әкімдік мәліметінше, мердігер қазаншұңқыр түбінің деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сондай-ақ, тіреу қабырғасын тұрғызу жұмыстарын аяқтады.

Мердігердің жұмыс жобасы бойынша оң қорытынды берген ұйым ҚР ӘҚБтК-нің 317-1-бабы "Инжинирингтік қызметтер мен сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу" бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, әкімдік құрылыс салушыға қоғамдық тыңдаулар өткізуді ұсынды. Енді эскиздік жоба ұсынылмас бұрын қала тұрғындарының пікірі ескерілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети