20 қараша 2018 17:47

Алматыда Ганди саябағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

© 2gis.kz

Алматыда Махатма Ганди атындағы саябақта асфальт жаңартылып, балалар және спорттық алаңдар пайда болады. Сонымен қатар, қосымша жарық орнатылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асфальтталған жерлер жаңарып, саябақтың орта тұсына тас төсеуіштер (брусчатка) төселеді. 

Реклама
Реклама

"Қосымша екі балалар алаңы мен бір спорттық алаң пайда болады. Саябақта суғару жүйесі істен шыққан, оны қайта жаңартып, жетпеген жеріне дейін ұзарттық. 8600 шаршы метр жерге газон төселеді. Саябақ күңгірт болатын. Онда тек 14 үлкен жарық шамы бар еді. Сол үшін саябаққа арналған арнайы 183 жарық шамын орнаттық. Ендігі кезекте саябақтың іші жап-жарық болып, адамдар емін еркін жүре алатын болады", - деді Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев. 

Сонымен қатар, саябақта иттерді серуендету және баптау орындары пайда болады. Газон төсеуден басқа жұмыстар биыл аяқталады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram