Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді

20 Қыркүйек, 13:31
0
Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді - © instagram.com/sagintayev.b
© instagram.com/sagintayev.b

Алматыдағы көшелердің біріне Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты.

Бүгін сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай