12 шілде 2021 18:14

Алматыда Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды. Қазақстандық QazVac вакцинасы да таусылуға жақын. Бұл туралы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды. Қазақстандық QazVac вакцинасы да таусылуға жақын. Бұл туралы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы медицина және санитария қызметінің брифингі барысында вакцинация пункттерінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналар таусылғаны туралы сұрақ қойылды. Тілшілер басқарма басшысынан қалаға басқа вакциналар қашан әкелінетінін сұрады.

"Алматыда "Спутник V" вакцинасы жеткілікті. QazVac аяқталуға жақын. Hayat-Vax және CoronaVac қазір жоқ. Қазақстанға Pfizer вакцинасын жеткізуге қатысты келіссөз жүріп жатыр. ДДҰ-да "Спутник V" және QazVac вакциналары тіркелмегені, халықты вакциналауға болмайды дегенді білдірмейді. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық қауіпсіздік қызметі сертификаттауынан өтті. Бүгінде халықаралық сарапшылар бағалауы бойынша, бұл вакцинаның қорғаныс деңгейі жоғары", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қазір СІМ мен Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" және QazVac вакцинациясын халықаралық деңгейде мойындау туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 5 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы денсаулық сақтау қызметтері қытайлық вакциналар қоры таусылғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Президент Pfizer/BioNTech вакцинасын қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.43   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети