13 наурыз 2024 10:42

Алматыда жалға берілетін велосипедтер неге жоғалып кетті? Себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі танымал велошеринг мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі танымал велошеринг мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 наурызда велошеринг Instagram-парақшасында жаңа маусымда велосипедтерді жалға беру мүмкін емес екені туралы ақпарат пайда болды.

"Құрметті қолданушылар, жобаны іске қосуға қатысты сұраныстардың көбеюіне байланысты хабарлаймыз: 2024 жылға арналған сервистік келісімнің болмауына байланысты жалға бері қызметін іске қосу мүмкін емес. Әзірге болжам анықталған жоқ, іске қосу уақыты белгісіз. Барлық сұрақтар бойынша Алматы әкімдігінің қалалық мобилділік басқармасына хабарласуды сұраймыз", - деді қызмет өкілдері.

Сондай-ақ, былтыр желтоқсанда велосипедтерді жалға беру қызметі "әкімдіктің шешімі бойынша, жалға беру 2023 жылдың аяғына дейін жұмыс істемейді" деп хабарлады. Қолданыстағы жазылымдарды тиісті мерзімге ұзартуға уәде берілді.

Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді.

"Қазіргі уақытта велосипедтерді жалға берудің автоматтандырылған жүйесінде велосипедтерге жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті жоспарлы жөндеу, соның ішінде жалға беру станцияларында жұмыстар аяқталғаннан кейін велосипедтер қаланың велостанцияларына қойылады. Сонымен қатар, қалалық мобилділік басқармасы сервистік компанияны анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети