Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды 07 тамыз 2022, 11:18

Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сондай-ақ, Әуезов аудандық ПБ әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің мәліметі бойынша жүргізуші 2021 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда С. есімді азамат жалған жүргізуші куәлігін жасап, заңды айналып өтпекші ​болды.

"Құқық бұзушы 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжаттың пайдаланғаны анықталды, сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санаттар шеберлікпен қосылған. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды - бұл күн сайын желіге шығып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немқұрайлы жүргізушінің ықтимал құрбандары. Аудандық Полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге және жүргізушінің жұмысы мен құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", - деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полицейлер Алматыда 2022 жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында жол-көлік оқиғаларының және оның зардаптарының ауырлығын алдын алуға және азайтуға бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram