24 шілде 2015 07:32

Алматыда жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ - ҚР ІІМ ТЖК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыда жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 24 шілдеде 00.30-да Қарғалы өзенінің бойымен ағып жатқан судың жылдамдығы секундына 2,5 текше метр, ал су деңгейінің қауіпті көрсеткіші - секундына 19,8 текше метр. "Алматы облысының гидропосттары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қарғалы өзені бойында жаңа сел пайда болады деген қатер жоқ", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети