18 шілде 2023 09:45

Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше отбасы баспанасыз қалды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше отбасы көшеде түнеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше отбасы көшеде түнеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбаевтар отбасы қазір көшеде түнеп жүр. Ересектер диванда, ал балалар арбада ұйықтайды. Ас үйдегі шкафтар мен үстелдер аулаға шығарылған. Балабақшада киім-кешек пен аяқкиім кептіреді. Зардап шеккендердің айтуынша, қатты жаңбыр кезінде үйдің іші суға толған. Ер адамдар түннің бір уағына дейін шелек алып, суды сыртқа тасумен әлек болған. Осыған дейін жөнделген үйдің сау жері қалмаған. Отбасы өздерінің бұл күйін шарасыздыққа балап отыр.

"Арықтағы су нормадан жоғары көтерілді. Үйімізге су кірді. Амал жоқ, су кетіп қалсын деп қабырғаны тесіп қойдық. Қараңдаршы, біздің үйде бәрі жарамсыз. Кір жуғыш машина, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, диван мен матрасты 500 мың теңгеге несиеге алған едік", - дейді Мұрат Бейсенбаев.

Тұрғын Толғанай Қалдыбайдың айтуынша, су өте жылдам құйыла бастаған және бір метрге дейін көтерілген. Отбасында үш бала бар: үлкені төрт жаста, кішісі небәрі төрт айлық. Ойлануға уақыт болмаған. Дереу үйден кетуіне тура келген.

"Мен үйге лай су кіріп жатқанын көрдім. Біз барлық тесіктерді бірден жабуға тырыстық. Балалар жылай бастады. Су белге дейін көтерілді. Мен құжаттар мен кейбір заттарды алып үлгердім. Үйді қалпына келтіру керек, бірақ ақша жоқ. Біз шынымен көмек күтеміз. Соңында арықтағы судыңда деңгейі көтеріле бастады", - деді Толғанай Қалдыбай.

Толассыз жауған нөсер кезінде ауданда үш үйді су басып қалды. Жергілікті тұрғындар арықтың үлкен күшке шыдамайтындығын айтады. Тұрғындар осыған жергілікті шенеуніктерді кінәлайды. Тұрғындардың айтуынша, олар арықты жөндеу жұмыстарын бастап, бірақ аяқсыз қалдырған.

"Өздеріңіз көрдіңіздер Біз үйді толығымен босаттық, барлығын, соның ішінде линолеумды алып тастадық. Үй кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін. Біз қайда барамыз?" - деді Әлима Бейсембаева.

Әкімдіктегілер арықтың шынымен қайта жөндеуді қажет ететіндігін жасырмады. Олар жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деп уәде берді. Бірақ уақытын айтпады. Зардап шеккендер шығындарын есептеп, демеушілер арқылы көмек алғысы келеді.

"Биыл арықты кеңейтуді жалғастырамыз. Өтініш жолдадық. Жергілікті тұрғындармен де сөйлесеміз. Көмек керек болса, міндетті түрде басшылыққа хабарлаймыз. Демеушілердің де қолдайтынына сенеміз", - деді Алматы қаласы Алатау ауданының абаттандыру бөлімінің бас маманы Арман Қоқымбаев.

Аудандық мамандар арықты жөндеуді жоспарлап, зардап шеккендерге қалай көмек көрсетуді ойластырып жатқанда, отбасы көшеде түнеп, ауа райы болжамын қадағалауға мәжбүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети