11 сәуір 2014 10:52

Алматыда жаңбырға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда толассыз жауын-шашынға байланысты төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мамандары "Қазгидромет" РМК-дан түскен дауылдық ескерту негізінде 12-13 сәуір күндері қала аумағында жауын-шашын болатынын, кей жерлерде қар аралас толассыз жаңбыр жауатынын хабарлайды. "Соған байланысты Алматы қаласы тұрғындарынан қауіпсіздіктің барлық шарасын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, алдағы сенбі, жексенбі күндері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында да жауын-шашын болады. Кей жерлерде қар аралас толассыз жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. "Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяз болады, күндіз 5-10, кей жерлерде 13 градус жылы болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети