Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты Фото: instagram.com/kris_p_almata

Алматының Жетісу ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Жетісу ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Mercedes-Benz Sprinter көлігі Ангарская көшесінде жеңіл көлікке соқтығысқан.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, көлік бөлініп кеткен.

Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:58-де болған.

"Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөлік жүргізушісі Ангарская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай ағашқа, сондай-ақ ғимараттың қабырғасына соғылған. Әрі қарай, қозғалысты жалғастыра отырып, ол Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысып жол шетіне ұшып кеткен және ағашқа, сондай-ақ бетон қоршауға соқтығысқан", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шексе, тағы біреуі алған жарақаттарынан қаза болған.

"Адам өліміне әкеп соқтырған бұл жол-көлік оқиғасы соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Алматы полициясының анықтау бөлімі жүргізіп жатыр", - деді Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +18
Ақтау +19
Ақтөбе +16
Атырау +21
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +22
Тараз +24
Түркістан +16
О
Орал +15
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер