10 мамыр 2023 10:15

Алматыда жануарлар құқығын қорғауға арналған бейбіт митинг өтеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы "KARE-Забота" жануарларды қорғау қоры хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі жануарлар құқығын қорғау мақсатында бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы "KARE-Забота" жануарларды қорғау қоры хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, 14 мамырда "Сары-Арқа" кинотеатры артындағы алаңда бейбіт жиын өтеді.

"Митингі өткізуге рұқсат беріліп, қалалық әкімдікпен келісілген. Бейбіт жиынның мақсаты – мына мәселелер бойынша қоғамдық пікір білдіру.

  • жергілікті атқарушы органдардың жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң талаптарын орындамауы және саботаж жасауы;
  • "Ұстау-стерилизация-вакцинация-қайтару" бағдарламасын орындамау;
  • жануарларды өлтірудің тиімсіздігі, егер негізгі себептер жойылмаса, атап айтқанда: үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру;
  • НҚА бойынша ресми жұмыс;
  • жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнаманың тиісінше орындалуына қоғамдық бақылау саласындағы өз өкілетін жүзеге асыру бойынша қоғамдық инспекторлар жұмысына кедергілер;
  • ІІМ тарапынан жануарларға қатыгездік көрсету деректеріне тиісті реакцияның болмауы;
  • ит тістеп алғаны туралы сенімсіз деректер; білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар/радио/ақпараттық ресми сайттар), билбордтар мен плакаттарда таныстыру бағдарламаларын өткізуге қойылатын талаптар", - деді ұйымдастырушылар және еріктілер.

Митингке үй жануарларын алып баруға болады, бірақ жаңа серуендеу ережелеріне сәйкес иттердің тұмсығы жабулы болу керек.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл митингіге жергілікті билік келісім мен рұқсат бергенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети