Алматыда жарты жыл ішінде 150 мың адамның жалақысы өскен

29 Шілде, 16:10
0
Алматыда жарты жыл ішінде 150 мың адамның жалақысы өскен -

Алматыда соңғы жарты жыл ішінде 40 мыңға жуық жұмыс беруші шамамен 150 мың қызметкердің айлық ақысын үштен бірге өсірді, ал еңбек жолын енді бастаған медицина қызметкерлері үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификаттарын алып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, 500 алматылық сот және құқық қорғау органдарының араласуынсыз "Татуласу орталығы" қызметіне жүгіне отырып, өз дауларын шешті.

Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Зәуреш Өмірбаеваның, "Қазақстандық "YNTYMAQ" орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы" РҚБ Алматы қ. бойынша филиалының төрағасы Асхат Асылбековтің, "Алматы қалалық жергілікті "Ұстаз" кәсіби одағы" ҚБ төрағасы Серікжан Байқұтдиновтің, "Энергия" жергілікті кәсіподағы" ҚБД төрағасы Валерий Ситдиковтің және "Сенім" денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік одағының Алматы қалалық филиалының төрағасы Алмас Несіпқалиевтің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Кәсіподақ орталығы жарты жылдық жұмысын қорытындылады.
Кәсіподақ жұмысын қорытындылау келе, Өмірбаева қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

"Бүгінде Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы 200 мыңнан аса алматылық кәсіподақ мүшелердің басын қосқан ірі қоғамдық ұйымдардың бірі болып саналады. Еңбек етушілердің құқығын қорғап, туындаған дауларды шешуге атсалысып, 750 бастапқы кәсіподақ ұйымы жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында көпір болып жүр. Қызметкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, олардың мүддесін қорғауға тырысып келеміз", - деді ол.
Оның айтуынша, Кәсіподақтар орталығы жалақының өсуі, ұжымдық келісім шарт жасасу, бастапқы кәсіподақ ұйымдарын құру, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік серіктестік және т.б. мәселелерге баса назар аударды.
Атап өткен аспектілерге толығырақ тоқталып өтті.

Ұжымдық келісім шартқа жасасудың арқасында жұмысшылар жеңілдіктер мен кепілдемелерге ие болады. Құжатқа сәйкес қызметкерлер еңбек құқығын қорғау, жалақы, емделу және демалу бойынша әлеуметтік кепілдікке ие болады. Жыл басынан бері 25 мыңнан аса ұжымдық келісім жасалды.

Сонымен қатар ол рәсімделмеген еңбек қатынасын болдырмау мақсатында кәсіподақ "Еңбек шартын жасаңцыз" республикалық акциясына қатысқандығын мәлімдеді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін "шұғыл желі", "сенім телефоны" ашылып, халық көп жиналатын орындарды "Сенім жәшіктері" орнатылды. 1-жартыжылдық ішінде меминспекторлар 8 мекемені тексеріп, еңбек шартынсыз жұмыс жасап жүрген қызметкерлерді анықтады. Нәтижесінде 149 еңбек келісім шарты жасалды.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясында мекемелерде бастапқы ұйымдарды ашудың маңызды екендігі атап өтілді. Өйткені олар қызметкерлердің мәселелері шешумен айналысады. Осылайша 2019 жылдың 1-жартыжылдығында 10 бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылып, 4,1 мың адам мүшелікке тартылған.

"Кәсіподаққа мүше бола отырып жұмысшы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктерге ие болады. Мұнда тегін заң қызметі, кепілдіктер мен компенсациялар, біліктілігін арттыру мен жалақысы жоғары өзге лауазымға ауысу мүмкіндігіне ие болады. Одан бөлек жұмыстан шығарылған немесе өзге де әділетсіз жағдайларда кәсіподақ жұмысшыны қорғауға дайын. Өмірлік қиын жағдайларға тап болғандарға материалдық көмек, санатрий-курорттық ем қабылдауға жеңілдікпен жолдама алуға көмек көрсетеді", - деді Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Сонымен қатар ол кәсіподаққа мүше болмаған жағдайда, жұмысшы жұмыс берушімен арада туындаған мәселелерді өзі шешуге тиіс екендігін атап өтті. "Кәсіподақ ұйымымен серіктес бола отырып, жұмыс беруші заңға сәйкес құрылып, толық жауапкершілікке ие әлеуметтік серіктеске ие болады. Осылайша қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қатынас екі жаққа да оң нәтиже көрсете алады", – деп қорытындылады Өмірзақова.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай