12 наурыз 2015 | 09:29

Алматыда жауған қардың биіктігі 10 сантиметр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматыда жауған қардың биіктігі 10 сантиметрге, ал таулы жерлерде 30 сантиметрге жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жауған қардың биіктігі 10 сантиметрге, ал таулы жерлерде 30 сантиметрге жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. 

Басқарма мамандарының мәліметінше, 12 наурыз күні сағат 02.00-ден бері қала аумағында қайтадан қар жауа бастады. Коммуналдық қызметтер түнгі уақытта жолдарды қардан тазалауға және құм-хлоридті қоспаны себуге шықты. Биік және тау етегіндегі аудандарда сағат 04.00-тен бастап, қар шығару ұйымдастырылды. "07.30-дағы мәлімет бойынша, 320 текше метр қар шығарылды", - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі. 

Қала аумағын қардан тазалауға 498 арнайы техника мен 820 жұмысшы жұмылдырылған. Жолдарға барлығы 1800 тонна қоспа төгілді. Көшелерді қардан тазарту әлі жалғасып жатыр. Жұмыстар бір тәулік ішінде аяқталуы тиіс. 

Еске сала кетейік, мұның алдында синоптиктер елімізде күн тағы суытып, қар жауатынын хабарлаған еді. "Алдағы үш күнде ауа массалары республика аумағына өткен күндердегідей батыстан және оңтүстік-батыстан емес, солтүстік-батыс және солтүстіктен келіп түседі. Баренц теңізі үстінде қалыптасқан атмосфералық фронттар өзімен бірге температураның тағы да төмендеуіне, қардың жаууына, кей жерлерде боран болуына, оңтүстікке жауын-шашынның - жаңбыр мен дымқыл қардың жаууына және тұманның түсуіне ықпал етеді", - делінді "Қазгидромет" хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети