11 наурыз 2015 13:02

Ауа райы: Күн тағы суытады және қар жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aprpress.com ©aprpress.com

Алдағы тәуліктерде күн тағы суытып, қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Алдағы тәуліктерде күн тағы суытып, қар жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, наурызда жылы ауа райы күннің сууымен, қардың жаууымен және боранмен тез ауысып отырады. Ал таяу күндері бірқатар өңірде жауын-шашын болады.

"Алдағы үш күнде ауа массалары республика аумағына өткен күндердегідей батыстан және оңтүстік-батыстан емес, солтүстік-батыс және солтүстіктен келіп түседі. Баренц теңізі үстінде қалыптасқан атмосфералық фронттар өзімен бірге температураның тағы да төмендеуіне, қардың жаууына, кей жерлерде боран болуына, оңтүстікке жауын-шашынның - жаңбыр мен дымқыл қардың жаууына және тұманның түсуіне ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, алдағы күндері тек батыс облыстарында ғана жауын-шашын болмайды және ауа температурасы орташа көпжылдық нормаға жақын болады. 

Еске сала кетейік, синоптиктер бұған дейін де ауа райының бұзылатыны туралы хабарлаған болатын. 10 наурызда Қазақстанда таяу күндері боран соғып, тұманның түсетіні ескертілді. Ал бүгін, 11 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар облысында көлік жолдары жабылды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети