1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Еліміздің біраз аймағында көлік жолдары жабылды11 наурыз 2015, 09:34

Еліміздің біраз аймағында көлік жолдары жабылды Еліміздің біраз аймағында көлік жолдары жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар облысында көлік жолдары жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күшті жел, боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Астана - Қарағанды және Астана - Көкшетау бағытындағы жолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Сондай-ақ Қарағанды облысында боран мен көктайғаққа байланысты барлық бағытта автокөліктің кез келген түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. 

Қар, боран, күшті жел мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Қызылорда облысында Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 12-216-шақырымдары және Павлодар облысында Қызылорда - Павлодар (1135-1205-шақырымдар) және Астана - Ерейментау - Павлодар (205-259-шақырымдар) жол учаскелері автокөліктің барлық түрі үшін жабылды. 

Комитеттің мәліметінше, ауа райының жайсыздығы Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағытта қозғалысқа тыйым салуға себеп болды.