Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда жауған қардың биіктігі 13 сантиметрге жетті

07 Желтоқсан 2014, 16:49
0
©Сергей Алексеенок
©Сергей Алексеенок

Алматыда толассыз жауған қардың биіктігі сағат 13.00-дегі мәлімет бойынша 13 сантиметрге жетті, ал таулы аудандарда 27 сантиметр болды. Қар 7 желтоқсан күні сағат 06.00-ден бері жауа бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. 

Басқарманың мәліметінше, коммуналдық қызметтер қар жауған уақыттан бері көшелер мен тротуарларға құм-хлоридті қоспа төгіп жатыр. Қар тазалауға 417 арнайы техника шықты, оның ішінде 149 техника құм себуге жауапты. Бүгінге дейін 5200 тонна қоспа пайдаланылды. Қала көшелерінде 837 жұмысшы қар тазалап жатыр. Алматының сыртына 1360 текше метр қар шығарылды.

Синоптиктердің мәліметінше, 7 желтоқсан күні қар тыйылмайды, күндіз ауа температурасы 5-7 градус, түнде 10 градус аяз болады. Қала әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімдіктерінде қар тазарту мен қала сыртына шығару жұмыстарын бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылды. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай