17 маусым 2016 | 17:16

Алматыда жерасты автотұрақтарын су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрлы тау" Бизнес орталығының паркингі  © Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет "Нұрлы тау" Бизнес орталығының паркингі © Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет

Алматыда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан ғимараттың жерасты автотұрақтары су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, оқырмандар әл-Фараби даңғылы бойындағы "Нұрлы тау" бизнес орталығындағы жерасты автотұрақтарының су астында қалғанын хабарлап жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан ғимараттың жерасты автотұрақтары су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, оқырмандар әл-Фараби даңғылы бойындағы "Нұрлы тау" бизнес орталығындағы жерасты автотұрақтарының су астында қалғанын хабарлап жатыр.

"Желтоқсан көшесінде орналасқан төртінші блоктың жерасты автотұрақтарына су құйылып жатыр. Мен онда автотұрақтың ең түбінде тұрған машинаның толықтай су астында қалғанын көрдім. Су шатырға дейін жеткен. Тағы екі машина жартылай су астында тұр", - деп хабарлады редакцияға суретті жолдаған куәгер.


"Нұрлы тау" Бизнес орталығындағы автотұрақ. © Tengrinews.kz оқырманы жолдаған сурет

Сонымен қатар, Яссауи мен Шаляпин көшелерінің қиылысында "Спутник" сауда орталығының жанында орналасқан тұрғын үй кешенінің автотұрағы да су астында қалған. Барлық жерден су ағып жатыр. Онда балалар ойнайтын алаң да бар. Жаңбыр жауса, ол жердің бәрін су басады. Көліктер де су астында, оларға жету мүмкін емес. Біз Алғабастағы жағдай қайталана ма деп қорқамыз. Ол жаңа ғимарат қой, қалай салғаны да түсініксіз", - деді көппәтерлі үйдің тұрғыны Сергей Красюков. Оның айтуынша, су астында қалған автотұрақтардағы судың орта деңгейі шамамен 15 сантиметр. Айта кетейік, олар бұл жаңа тұрғын үй кешеніне жылдың басында көшіп келіпті.


"Мамыр 1" ықшамауданындағы үйдің автотұрағы. Тұрғын жолдаған сурет.

Айта кетейік, "Мамыр" ықшамуданындағы үйге байланысты жағдайға Әуезов ауданы әкімдігіндегілер пікір айтты. "Біз комиссиялық түрде бардық, барлығын білеміз. Мұнда ғимаратты салушылардың кінәсі болып отыр. Кепілдік мерзімі бар. Қазір мұнымен "Горстрой" компаниясы айналысып жатыр", - деді Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров. Сонымен қатар, ол паркингті су басу қаупі жоқ екенін айтты. "Тұрғындар әсірелеп айтпасын, айтарлықтай ешнәрсе жоқ. Салушылар жұмыс орнында. Жұмыстар жүргізіліп жатыр", -деді Омаров. Алайда әкімдіктегілер жөндеу жұмыстарының қашан болатынын айта алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда толассыз жауынның салдарынан Жароков көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасқан "Алатау" метро станциясын су басқаны хабарланған болатын. "Метрополитен" директорының көмекшісі Ажар Хабиеваның айтуынша, су метро станциясына Жароков көшесі жақтан келе бастаған.

Осыдан кейін толассыз жауған жауынның салдарынан Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған "Алғабас-6" ықшамауданындағы Момышұлы-Ақын сара көшесінде орналасқан бес қабатты үй су астында қалды. №1/19 үйінің тұрғындар су астында қалған пәтерлерінің суреттері мен видеоларын Tengrinews.kz тілшісіне жолдады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети