04 қыркүйек 2020 17:02

Алматыда жезөкшелер жұмыс істеген 11 притон әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Алматыда Сейфуллин даңғылында жезөкшелер жұмыс істеген 11 притон әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz


Алматыда Сейфуллин даңғылында жезөкшелер жұмыс істеген 11 притон әшкере болды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің тұрғындарымен өткен жиында Түрксіб ауданының тәртіп сақшылары "қызыл шамдар" көшесін жеңіл жүрісті қыздардан тазарту бойынша жұмыстар атқарылған. 

"Біздің бөлімшенің жергілікті полиция бөлімінің, сондай-ақ қалалық криминалдық полицияның ресурстары жезөкшелікпен айналысатын адамдарды және оларға осы кәсіпті жүзеге асыру үшін үйін беретіндерді анықтау бойынша күнделікті жұмыс істейді. Арнайы рейдтік іс-шаралар күндіз де, түнде де жүргізіледі. Аталған кешенді шаралар даңғылда заңдылық пен тәртіпті және жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына тыныштықты қалпына келтіруге мүмкіндік берді, олардан бұрын осы санаттағы азаматтар мен олардың клиенттеріне қатысты наразылықтар болған. Қазір бұл саладағы жағдай жақсарды", - дейді Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.

Назановтың айтуынша, жыл басынан бері Сейфуллин даңғылында 128 жергілікті іс-шара жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 1125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында жезөкшелерді ұстайтын 11 жезөкшелер қожайыны бар, оларға 1,5 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Екі жағдайда жезөкшелер жол бойындағы қонақүйлерге, тоғызында тұрғын үйлерге орналастырылды. Азаматтардың мазасын алғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына сәйкес 191 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети