22 ақпан 2020 10:10

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 20 ақпанда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Күнту Шерхан табылып, ата-анасына табысталғанын хабарлады. 

"Бала аман-сау, түнде ата-анасына қайтты. Оны қаланың төменгі жағынан таптық. Алматы полиция департаменті басшылығы мен жұртшылық атынан еріктілерге іздестіру іс-шараларына және үйлесімді командалық жұмыстарға көмек көрсеткені үшін айрықша алғыс білдіреміз. Айта кету керек, Күнту Шерханды 150-ден астам адам іздестірді, олардың ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер мен педагогтер болды. Оның үйден өз бетімен шығып кетуінің себептері әлі де анықталады", - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювенал полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Айта кетейік, жасөспірімнің жоғалып кеткенін қалалық Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов хабарлаған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети