12 сәуір 2018 09:25

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы мектеп оқушысы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы баспасөз қызметі. © MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығы баспасөз қызметі.

Кеше, 11 сәуірде Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы мектеп оқушысы Арайлым Жұматаева табылды. Қызды MEGA Alma-Atа сауда орталығының күзет қызметіндегілер байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 11 сәуірде Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы мектеп оқушысы Арайлым Жұматаева табылды. Қызды MEGA Alma-Atа сауда орталығының күзет қызметіндегілер байқаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда орталығының баспасөз қызметінің өкілдері қыздың жағдайы жақсы екенін және оны туысы Айнұр Нығмановаға тапсырғандарын хабарлады.

"Кеше, 11 сәуірде MEGA Alma-Ata сауда орталығының әкңмшілігі осыдан бес күн бұрын жоғалып кеткен Арайлым Жұматаеваның туыстары келді, - дейді MEGA орталығындағы мамандардың бірі Ирина Морозова. - Біз MEGA Alma-Ata орталығының қауіпсіздік қызметіне, әкімшілігіне, сондай-ақ, MARWIN дүкенінің басшылығына бағыттама жіберген болатынбыз - туыстары Арайлымның осы кітап дүкенін аралағанды жақсы көретінін айтқан еді. Шамамен бір сағаттан соң MARWIN дүкенінің күзетшісі қызды көріп, оны сауда орталығының қауіпсіздік қызметіне жолдады. Арайлымды алып кетуге туысы Айнұр Нығманова келді".

Еске сала кетейік, 15 жастағы Арайлым Жұматаева 7 сәуірде жоғалып кеткен еді. Туыстарының айтуынша, оны соңғы рет Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көрген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети