13 сәуір 2023 13:01

Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жол қозғалысын реттеу үшін жасанды интеллект қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімімен кездесуде Әуезов ауданы тұрғындарының бірі смарт бағдаршам орнатуды ұсынды.

"Ең жоғары жүктеме сағатында қала жолдарында кептелістер пайда болады. Маятник қозғалысын реттеу үшін ақылды бағдаршамдарды орнату туралы ұсынысым бар", - деді тұрғын әкіммен кездесуде.

"Қала орнында тұрмайды. Мәселе бар. Біз оның шешімін белсенді түрде іздейміз. Жыл соңына дейін біз бағдаршам шаруашылығында жасанды интеллектті қолдану туралы толық мәліметті аламыз. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар, тек Алматыда ғана емес, трафикке ең жоғары жүктеме кезінде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде өзгерген кезде де бар.

Қағаздарыңызды менің орынбасарым Асқар Әмринге тапсырыңыз, ол сіздің ұсынысыңызда не пайдалы екенін зерттейді, анықтайды. Егер сіздің ұсыныстарыңызда ұтымды ұсыныстар болса, біз қолданатын боламыз", - деп жауап берді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети