1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жолаушылар автобустың люгінен шығуға мәжбүр болды19 мамыр 2017, 17:20

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда автобустар тағы да келеңсіз жайтқа тап болды. № 119 және №59 бағытында жүретін автобустар жолға таласып, жолдың қақ ортасында жанасып соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға видео келіп түсті, онда автобус кондукторының жолаушыларды люктен шығарып жатқаны түсірілген.

"Ол жерде ерекше жол апаты болды. Біздің автобус тікесінен кетіп бара жатқан, ал 59-шы бағытта жүретін автобус аялдамадан шығып жатқан. Бұл Мұстафин және Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Жүргізушілер жолға сыймай қалған секілді. Алайда жүргізушілер шу шығарып, полиция келгенге дейін, автобустан шығаруын талап еткен. Осылайша оларды люктен шығаруға тура келген", - дейді "Алматы-Транс" ЖШС автопаркінің басшысы Марат Әлиев.

Жүргізуші жұмыстан босатылған, оған дейін ол техникалық кеңес алдында жауап берген. "Құқық қорғау органдары барлығын анықтайтын болады", - деді ол.