22 қыркүйек 2023 17:21

"Алматыда жүк көлігі көпірді қиратты". Оқиға шын мәнінде қайда болған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жүк көлігінің жаяу жүргіншілерге арналған көпірді құлатқаны туралы Қазақстанда түсірілді делінген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде жүк көлігінің жаяу жүргіншілерге арналған көпірді құлатқаны туралы Қазақстанда түсірілді делінген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі маңында болды деген жол-көлік оқиғасының видеосын жолдап жатыр. Мәліметтер бойынша, жүк көлігі көпірге соғылып, көпірді құлатқан. Редакцияға осыған ұқсас бірнеше хабарлама келіп түсті.

Тілшілер ақпаратты тексеріп, шын мәнінде кадрдағы апат Ресейдің Владивосток қаласында 18 қыркүйекте болғанын анықтады. Көлік жаяу жүргіншілер өткеліне соқтығысқан. Апат салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған көпір жолға құлаған.

Жаяу жүргіншілерге арналған көпір дизайнының ұқсастығы желі қолданушыларын шатастырып, оқиға Алматыда болды деп шешкен көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети