13 тамыз 2021 | 18:24

Алматыда жұлдыздар қатысқан шара: тағы бірнеше блогер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен шараға қатысқан тағы бес танымал адамға, оның ішінде актерлер мен вайнерлерге хаттама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен шараға қатысқан тағы бес танымал адамға, оның ішінде актерлер мен вайнерлерге хаттама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, карантинді бұзу бойынша Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау дирекциясы учаскелік полициямен бірге қатысушыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізген.

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есееваға, әнші және актриса Рано Умароваға, продюсер Ләззат Биғалиева мен шоумен Кирилл Мейстерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Реклама
Реклама

Бұл бап бойынша оларға 30 АЕК (87 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Еске салайық, 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде Black Star Burger ашылғаны хабарланған болатын. Оған қазақстандық жұлдыздар қатысқан.

Іс-шараны ұйымдастырушы "Е.М Құлтасов" жеке кәсіпкерлігі, қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған. Кейін әнші Бүркітке де хаттама толтырылғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная