12 тамыз 2021 14:18

Алматыда жұлдыздар қатысқан шара: әнші Бүркітке айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/berkut_aibekjan Фото: instagram.com/berkut_aibekjan

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Royal Tulip Almaty қонақүйіндегі жиынға байланысты істе жаңа деректер анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Royal Tulip Almaty қонақүйіндегі жиынға байланысты істе жаңа деректер анықталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәліметінше, қазақстандық әнші Бүркітке (Айбек Жансейітов - ескерт.) ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК-ке (87 мың теңге) айыппұл салған.

"Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараның қалған қатысушыларына мониторингтік топ шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, оларға да әкімшілік шаралар қабылданылады", - деді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, 8 тамызда карантинді бұзып Royal Tulip Almaty қонақүйінде жұлдыздар қатысқан шара өткен. Олар Black Star Burger-дің ашылуын тойлаған.

Бұған дейін іс-шараны ұйымдастырушы, қонақүй менеджері, әнші Луина және оның жұбайына айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети