12 тамыз 2021 09:45

Алматыда жұлдыздар қатысқан шара ұйымдастырушысы мен Луина жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда ресейлік фастфуд мейрамханалар желісінің ашылуын ұйымдастырғандар және оған қатысқан жұлдыздарға айыппұл салынды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ресейлік фастфуд мейрамханалар желісінің ашылуын ұйымдастырғандар және оған қатысқан жұлдыздарға айыппұл салынды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде Black Star Burger ашылды. Оған қазақстандық жұлдыздар қатысқан.

Алматы қаласы СЭБД басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ойын-сауық мекемелерінің иелері әкімшілік жауапкершіліктен және ірі айыппұлдан жалтару үшін жеке адамдарға немесе әр түрлі жеке кәсіпкерлерге ғимаратты жалға береді.

"Royal Tulip Almaty-да карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізуді қарау барысында ұйымдастырушы "Култасов Е.М." ЖК, оған Royal Tulip Almaty шарт бойынша жазғы тамақтану алаңын (кафесін) жалға бергені анықталды", - деді Байғабылов.

Іс-шараны өткізген жеке кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін" бойынша хаттама жасалды. Айыппұл сомасы 230 АЕК (670 мың теңге) болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Байғабылов іс-шараға қатысушылар материалдарға қарай анықталатынын айтты. Әзірге қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның жұбайына 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде хаттамалар толтырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Instagram қолданушылары қазақстандық шоу-бизнес пен кино өкілдері жариялаған шараға ерекше назар аударғаны хабарланған болатын. Алматыда ресейлік фастфуд мейрамханалар желісінің ашылуы болған. Оқиға 8 тамызда Royal Tulip қонақүйінің маңында болды.

Кейін әлеуметтік желілерде оқиғадан түсірілген суреттер мен видеолар пайда болды. Кадрлардан жиында Луина, Лидо, Тамара Асар және Айдана Меденова, режиссер Ақан Сатаев, актриса Рано Умарова, жүргізуші Кирилл Мейстер, продюсер Әлішер Нұржанов, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева және т.б. танымал адамдар болғаны көрінеді. Жиналғандар әлеуметтік арақашықтықты бұзып, маска тақпай жүрген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети