27 қазан 2021 10:19

Алматыда жүргізушілер жаңа веложолаққа шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы орталық көшелердің біріне жаңа веложолақ салу мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматыдағы орталық көшелердің біріне жаңа веложолақ салу мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл қазанда Сәтбаев көшесінде веложолақ сызығы пайда болғаннан кейін жүргізушілер наразылық білдіре бастады. Алайда бұл кейбір қала тұрғындарына ұнамаған: Instagram желісінде Сәтбаев көшесіне қатысты бірнеше видео пайда болды. Видеолардың бірінде бойжеткен бір сағатқа жуық уақыт бойы көлігін қоятын жер таппай жүргенін көруге болады.

"Түсінбеймін, біз салық төлейміз, оған веложолақтың не қатысы бар. Велосипед жолағын салса, олар да салық төлесін. Бізде салық бар (төлемей көріңіз), бірақ көлік қоятын жер жоқ. Мен мұнда сағат 10.30-да келдім, ал қазір сағат 11.17. Сәтбаев-Гагарин көшелері қиылысындағы жұмысқа келу үшін көлікті Райымбек көшесінде қалдыру керек пе?" - деп ашуланды жүргізуші.

Тағы бір видеода электроскутер мінген ер адам Сәтбаев бойына вело келе жатқанын, ал автожолда көлік кептелісі пайда болғанын көруге болады.

Өз кезегінде велоқауымдастық өкілдері жаңашылдықты қолдады. Мәселен, велошабандоз Әнуар Жүсіпов жаңашылдықтың кейбір артықшылықтарына тоқталды. Ол Алматыда веложолақтар санын арттыру бірден бірнеше мақсатты көздейтінін айтты.

"Жол қозғалысына қатысушыларға тікелей қайшылық жоқ. Өйткені Алматы тұрғындарының басым бөлігі қоғамдық көлікпен қатынайды. Сондықтан мұнда жеке және қоғамдық көлікті пайдаланушылар арасында белгілі бір тепе-теңдік қалыптасқан", - деді Жүсіпов.

Ал Алматы әкімдігі велосипед және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту стратегиясы аясында Сәтбаев көшесіне веложолақ енгізіліп жатқанын хабарлады. Егер қазір қалада небәрі 78 шақырым веложолақ болса, 2030 жылға қарай оны 263 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети