31 наурыз 2017 14:10

Алматыда жылу мен ыстық су қымбаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1 сәуірден бастап ыстық су мен жылу тарифтері көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 1 сәуірден бастап ыстық су мен жылу тарифтері көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы жылу желілері" ЖШС тұтынушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Департаментінің Алматы қаласы бойынша 2017 жылдың 6 наурызындағы бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап тариф қосымша құн салығын қоса есептегенде гигакалория үшін 1972,16 теңге болады", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметіндегілер.

Үйге ортақ құралдары бар тұрғындар үшін жылу тарифі гигакалория үшін 4975,34 теңге болады.

Жылу үшін (айына):

Қазан -  шаршы метр үшін 32,52 теңгенің орнына 35,92 теңге;
Қараша - шаршы метр үшін 162,02 теңгенің орнына 178,93 теңге;
Желтоқсан - шаршы метр үшін 216,18 теңгенің орнына 238,75 теңге;
Қаңтар - шаршы метр үшін 237,41 теңгенің орнына 262,20 теңге;
Ақпан - шаршы метр үшін 200,87 теңгенің орнына 221,84 теңге;
Наурыз - шаршы метр үшін 160,38 теңгенің орнына 177,13 теңге;
Сәуір - шаршы метр үшін 31,71 теңгенің орнына 35,02 теңге.

Жылыту кезіндегі ыстық су үшін:

- Биіктігі 75 метр болатын, орталықтандырылған суық және ыстық суы бар және кәріз жүйесі бар, жуыну мен ванна бөлмелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары бір адам үшін 1523,41 теңгенің орнына 1662,40 теңге төлейді.

- Жеке құралдар болған жағдайда ыстық судың бағасы текше метр үшін 444,39 теңгенің орнына 483,47 теңге болады.

Жылытуаралық маусым кезінде ыстық су үшін:

- Биіктігі 75 метр болатын, орталықтандырылған суық және ыстық суы бар және кәріз жүйесі бар, жуыну мен ванна бөлмелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары бір адам үшін 1269,20 теңгенің орнына 1378,34 теңге төлейді.

- Жеке құралдар болған жағдайда ыстық судың бағасы текше метр үшін 410,37 теңгенің орнына 445,89 теңге болады.

Тарифке қатысты толығырақ мәліметті мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, тариф осыған дейін 2016 жылдың 1 тамызында көтерілген еді. Онда қосымша құн салығын қоса есептегенде гигакалория үшін 1863,88 теңге төлеу керек болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети