22 шілде 2020 17:04

Алматыда қандай дәрігерлер жетіспейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Алматыда пандемия кезінде қандай мамандар жетіспейітіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда пандемия кезінде қандай мамандар жетіспейітіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте 4464 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, қалада терапевт, пульмонолог, анестезиолог, реаниматолог және инфекционист дәрігерлер жетіспейді. 

"Біз 1526 қызметкерден тұратын кадр резервін құрдық. Оның ішінде, орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Бірақ қосымша төсек-орындар дайындалып жатқандықтан тағы да мамандар жұмылдыру қажет екенін түсінеміз. Мен әріптестеріме үндеу жасаймын, біз медицина қызметкерлерін жұмысқа шақыруды жалғастырамыз. Төлем және жұмыс шарттары туралы кеңесті + 7 (702) 633-01-68 номеры арқылы алуға болады", - деді Надыров. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети