19 қараша 2019 15:58

Алматыда қанша баланың балабақша кезегінде тұрғаны анықталды

© Тұрар Қазанғапов

Алматыда 3-6 жас аралығындағы 21 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 3-6 жас аралығындағы 21 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова айтты.

 "1-6 жас аралығындағы балабақшаға кезекке тұрған балалардың саны 45 мыңға жетеді, ал 3-6 жас аралығындағы балалардың саны - 20 600", - деді білім басқармасының басшысы.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 2019 жылы Алматыда 2600 орынға арналған үш мемлекеттік және 113 жекеменшік балабақша ашылды. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 150 орынға арналған балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram